Елден кететін жасөспірімдер саны артып келеді

26 Тамыз 2019, 22:43
1557
Бөлісу:
Елден кететін жасөспірімдер саны артып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері 15 жасқа дейінгі 2000-ға тарта жасөспірім Қазақстаннан кеткен. Бұл туралы «Хабар 24» арнасы хабарлады. 

"Статистикаға сүйенсек, елге келетіндерден гөрі кететін жастардың үлесі басым. Өйткені биыл 2000 жасты шығарып салған еліміз тек 459 өренді қарсы алыпты. Ал 16 мен 62 жас аралығындағыларға келер болсақ, 6100 адам елден кеткен. 2415 азамат қазақстандықтардың қатарын толықтырған. Кішкентай қазақстандықтардың қатарын 39 бөбек толықтырса, 52 бала шетел асып кеткен" - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы