Елден 400 мың АҚШ долларынан астам ақшаны алып өтпек болған

16 Наурыз 2022, 19:23
1594
Бөлісу:
Елден 400 мың АҚШ долларынан астам ақшаны алып өтпек болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының халықаралық әуежайында елден 400 мың АҚШ долларынан астам ақша әкету әрекетінің жолы кесілді.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

  ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын орындау шеңберінде  15 наурызда шекарашылар Алматы қаласының халықаралық әуежайында елден 400 мың АҚШ долларынан астам ақша әкету әрекетінің жолын кесті, олардың бір бөлігі қос түбі бар сөмкеде тексеруден жасырылды, - делінген хабарламада.

2022 жылғы 25 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҰҚК Шекара қызметі 900 миллион теңгеден астам сомаға декларацияланбаған қолма-қол ақшаны елден әкетудің алдын алды.

ҰҚК Шекара қызметі шетелге шығу кезінде құқық бұзушылықты болдырмау үшін ҚР қаржы заңнамасының талаптарын сақтау қажеттігін еске салады.

Өзгелердің жаңалығы