Елдегі мегаполистерді жылытуға қанша тонна мазут кетеді?

6 Қыркүйек 2022, 10:53
854
Бөлісу:
Елдегі мегаполистерді жылытуға қанша тонна мазут кетеді?
Фото: rail-news.kz

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оның айтуынша, былтырғы жылыту маусымында кейбір электр станцияларына көмір жеткізу мерзімі сақталмаған. 

Өткен жылыту маусымының басында жылжымалы құрамдардың жетіспеуіне байланысты еліміздің бірқатар электр станциясына көмір жеткізу мерзімдері сақталмаған, - деді ведомство басшысы. 

Сонымен қатар аймақтар бойынша нысандарға мазут жеткізуге қатысты тоқталып өтті. 

Ал өңірлерге арналған «әлеуметтік мазутқа» қатысты мынаны хабарлаймын: 2022 жылғы тамызда Энергетика министрлігі жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне сәйкес «2022-2023 жылғы күзгі-қысқы кезеңде әлеуметтік-өндірістік объектілер мен мекемелерге мазут жеткізу бойынша мұнай және мұнай өнімдерінің негізгі ресурс ұстаушыларына облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларын бекіту кестесін 218,6 мың тонна көлемінде бекітті, - дейді министр Ақшолақов. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ведомство басшысы көмірдің нормативтік қорын сақтамаған станцияларға тоқталған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы