Жылыту маусымы. Министр көмірдің нормативтік қорын сақтамаған станцияларды атады

6 Қыркүйек 2022, 10:45
903
Бөлісу:
Жылыту маусымы. Министр көмірдің нормативтік қорын сақтамаған станцияларды атады
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, электр станцияларында отын жинақтау жалғасып жатыр. 

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, энергия кәсіпорындарының алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығына тұрақты бақылауды жүзеге асырады. Сондай-ақ электр станцияларындағы жөндеу жұмыстарын уақтылы аяқтау жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Электр станцияларында отын жинақтау жалғасуда. Энергия көздері қоймаларындағы көмір қоры 3,9 млн тоннаны және 83 мың тонна мазут. Бұл жалпы бекітілген нормаларға сәйкес келеді, - деп атап өтті министр. 

Сонымен қатар ол көмірдің нормативтік қоры сәйкес келмейтін 5 станцияға тоқталды. 

Семей ЖЭО-1 – 5 тәулік, норма 10 тәулік; Риддер ЖЭО-да – 10 тәулік, норма 20 тәулік; Шахтинск ЖЭО-да – 2 тәулік, норма 10 тәулік; Жезқазған ЖЭО-да – 12 тәулік, норма 20 тәулік; Петропавл ЖЭО-да – 10 тәулік, норма бойынша 20 тәулік болуы тиіс, - деді ведомство басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы