Елдегі интернет мәселесін Илон Масктың компаниясы шешіп береді

12 Қазан 2023, 18:25
614
Бөлісу:
Елдегі интернет мәселесін Илон Масктың компаниясы шешіп береді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Министрлік шалғайдағы ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету үшін Илон Масктың SpaceX ғарыш компаниясына жүгінген. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр байланыс операторларының ауылдарға жетуін біраз күткенін және SpaceX-тен көмек сұрағанын атап өтті.

Меніңше, SpaceX сияқты дамыған технологиялар бар кезде оларды пайдаланбау күнә. Өткен айда Лорен Дрейер президентпен кездесті, нәтижесінде біз 10 мектепті интернетке қостық және қазан айының соңына дейін тағы 2 мың мектепті қосу жөнінде келісімшартқа қол қоямыз. Жарты жыл ішінде еліміздің бүкіл оқушылары интернетке еркін қосыла алады, - деп ведомство басшысы «Digital Bridge» форумында. 

Өзгелердің жаңалығы