Елдегі барлық республикалық маңызы бар жолдар ашық

24 Ақпан 2024, 23:41
473
Бөлісу:
Елдегі барлық республикалық маңызы бар жолдар ашық
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ -архив

Еліміздің барлық өңіріндегі республикалық маңызы бар жолдар ашық, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.

24 ақпан сағат 23.00-дегі ахуалға сәйкес республикалық маңызы бар автожолдардың барлығы ашық, қозғалысқа шектеу жоқ, - делінген республикалық автожолдарды басқару жөніндегі ұлттық оператордың хабарламасында.

Бұған дейін ауа-райының қолайсыздығына байланысты 1 облыста республикалық маңызы бар 1 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Атап айтқанда, Жетісу облысындағы "Үшарал-Достық" тасжолы жабылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы