Елдегі 4 облыстағы жолда көлік қозғалысы шектелді

23 Сәуір 2024, 08:18
295
Бөлісу:
Елдегі 4 облыстағы жолда көлік қозғалысы шектелді
Фото: baq.kz

Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО облыстарында республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолы шектелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

QazAvtoJol- дың мәліметінше, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан СҚО мен Қостанай облыстарында 4 автожолда жалпы ұзындығы 4300 метр болатын су тасқыны болған.

Салдарынан 4 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жоында (ұзындығы 463 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 306 бірлік техника мен 411 адам жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы