Елде жыл сайын 14 мың адам қатерлі ісіктен көз жұмады

9 Желтоқсан 2022, 10:35
1144
Бөлісу:
Елде жыл сайын 14 мың адам қатерлі ісіктен көз жұмады

Бұл туралы Ұлттық ғылыми онкология орталығы басқарма төрағасы Гүлнар Күлкаева «Онкологиялық ауруларды диагностикалаудың және емдеудің ғылыми-практикалық аспектілері» атты ғылыми конференцияда мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, қатерлі дерттен ер адамдар жиі көз жұмады. 

Жыл сайын елімізде қатерлі ісіктен шамамен 14 000 адам қайтыс болады. Көбінесе қазақстандықтар өкпе, ішек, асқазан және сүт безі қатерлі ісігінен көз жұмады. Тағы бір айта кететін жайт, әйелдерге қарағанда ер адамдар қатерлі ісіктің жиі құрбаны болады. Ұлттық ғылыми онкология орталығы – бүгінгі күні ғылыми-білім беру қызметі бар ірі көпсалалы клиника. Бізде онкологиялық және онкологиялық емес бейіндегі пациенттерді емдеу үшін жоғары технологиялық көмектің барлық спектрі жүзеге асырылады. Ағзалар мен тіндерді трансплантациялау жүргізіледі, - деп атап өтті басқарма төрағасы. 

Сонымен қатар ол жылына қанша адам орталыққа келіп ем алатынына тоқталып өтті. 

Жылда Қазақстанның барлық өңірлерінен және ТМД елдерінен 9 000-нан астам пациент ем алады. 7000-нан астам ота жасалады. Ісік процесін әртүрлі оқшаулау кезінде шағын инвазивті, симуляциялық, аралас және орган сақтайтын операциялар кеңінен қолданылады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша онкологиялық аурулардың ішінде 1-орында сүт безі обыры тұр. Ол  барлық ауырған қатерлі ісіктің 15,4%-ын құраған. Одан кейінгі орында трахея, бронх, өкпе обыры болса, 3-орында ішек қатерлі ісігі кездескені байқалды, - деді Гүлнар Күлкаева. 

Еске сала кетейік, елордада онкология саласына арналған халықаралық деңгейдегі ғылыми конференция өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы