Елде жаңа Бюджет кодексі әзірленіп жатыр

12 Желтоқсан 2022, 11:37
1309
Бөлісу:
Елде жаңа Бюджет кодексі әзірленіп жатыр
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін елордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, Үкімет Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыруды бастады. 

Мемлекеттік қаржыны басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдаманы практикалық қолдану жүзеге асырылуда. Контрциклдік бюджет ережелерін бекітілді. Олар қабылданған 3 жылдық республикалық бюджет аясында 2023 жылы Ұлттық банктен трансферттерді 1,4 трлн теңгеге қысқартуға және бюджет шығындарының өсу қарқынын тұрақтындыруға себеп болды. Бюджеттің теңгерімділігі басым бағытқа шығындарды бағыттай отырып, жекеменшік табыс базасын ұлғайту есебінен қамтамасыз етіледі, - деп атап өтті Үкімет басшысы. 

Сондай-ақ ол жаңа Бюджет кодексі әзірленіп жатқанына тоқталды.

Ол бюджеттік процесті оңайлатуға және бюджетаралық қатынастарды қосқанда, мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыруға бағытталатын болады. Жалпы, салықтық-бюджеттік практика 2030 жылы мұнайлық емес тапшылықты 5 пайызға жейін төмендетуге, сондай-ақ Ұлттық қор активтерін 100 млрд долларға дейін өсіруді көздейді, - деді Әлихан Смайылов. 

Өзгелердің жаңалығы