Елде смартфон салығын енгізуді көздейтін жоба пайда болды

23 Қазан 2020, 17:27
2011
Бөлісу:
Елде смартфон салығын енгізуді көздейтін жоба пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржы министрлігі бизнесмендерді жаңа мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасына серіктес болуға шақырып жатыр. Бұл туралы inbusiness.kz жазды.

Жоба «IMEI кодтары арқылы мобильді құрылғыларды тіркеудің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін құру» деп аталады

Оны жүзеге асырушы серіктес компания алда өтетін тендер арқылы анықталатын болады.

Жобаның мақсаты – мобильді құрылғыларды анықтау процестерін оңтайландыру және SIM-карталарды қолдайтын, елге импортталған барлық мобильді құрылғылар бойынша кедендік және салықтық төлемдерді тиімді жинауды қамтамасыз ету болып табылады, – деп жауап берген ведомство.

Өзгелердің жаңалығы