Елде қаржы пирамидасы құрбандарының саны артты

7 Маусым 2023, 08:38
1603
Бөлісу:
Елде қаржы пирамидасы құрбандарының саны артты
Фото: 24.kz

Елде қаржы пирамидасы құрбандарының саны 3 есе артты, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар24»-ке сілтеме жасап.

Биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша, «инвестициялық пирамиданы құру және оған басшылық ету» бабымен 45 қылмыстық іс тіркелген.

Өңірлер бойынша ең көп қаржы пирамидасының құрбандары Алматы қаласында тіркелген. Өткен жылы 4 жағдай тіркелсе, биыл оның саны 7-ге жетіп отыр. Ал Шығыс Қазақстан облысында 5, Астанада 4 және Абай, Қарағанды аймақтары мен Шымкент қаласында 3 қылмыс жасалған. Ең сорақысы, 11 жасқа дейінгі алты бала пирамиданың құрбаны болған.

Ал ең көп зардап шеккендердің жасы – 30 бен 39 жас аралығында. Сондай-ақ 20-ға жуық 60 жастан асқан кісілер алаяқтардың арбауына түсіп, алданып қалған.

Өзгелердің жаңалығы