Елде қанша көлік бар

17 Маусым 2024, 16:28
267
Бөлісу:
Елде қанша көлік бар
Фото: - архив

1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5442,9 мың болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның ішінде:
88% – жеңіл автомобильдер
9,9% – жүк автомобильдері
2,1% – автобустар

Былтыр автокөлік бойынша 1 191,3 мың тіркеу жүргізілді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1,6 есе көп.

2024 жылғы сәуірде есепке 157,9 мың бірлік автокөлік құралдары қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9% кеміді, оның ішінде жеңіл автомобильдер 8,6%-ға кеміді, жүк автомобильдері 2,9%-ға кеміді және автобустар 15,3%-ға артты

2024 жылдың 1 мамырындағы Қазақстан автопаркінің көліктің шығарылған жылы бойынша көрінісі:
20 жылдан асқан – 44,8%
10-нан 20 жылға дейін – 23,6%
7-дан 10 жылға дейін – 12,7%
3-тен 7 жылға дейін – 12,7%
3 жылға дейін – 6,2%

Өзгелердің жаңалығы