Елде пайдалануға берілген тұрғын үй рекордтық көрсеткішке жеткен

12 Қаңтар 2021, 10:27
1189
Бөлісу:
Елде пайдалануға берілген тұрғын үй рекордтық көрсеткішке жеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы елімізде  15,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл рекордтық көрсеткіш, деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкіметтің елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған отырысында.

Оның айтуынша, бұл өткен жылы пайдалануға берілген тұрғын үймен салыстырғанда 16,8 пайызға жоғары. Айтарлықтай өсу Нұр-Сұлтан қаласында байқалды. Мұнда қолданысқа берілген тұрғын үй  1,7 есеге өскен. Ал төмендеу Қызылорда (-20%) және Атырау (-10,4%) облыстарында тіркелді. 

Министр сондай-ақ, жалпы құрылыс саласындағы көрсеткіштерге тоқталды.

Құрылыс секторында 1, 2 пайыз деңгейінде жоғары өсу байқалады. Қызылорда облысын есепке алмағанда, барлық өңірлерде өсу тіркелді. Қызылордада көрсеткіш 27 пайызды деңгейінде болып тұр, -деді ол.
Құрылыс жұмыстарының жоғары өсуін Түркістан (65,8%) облысы және Шымкент қаласы (41,3%-ке) көрсеткен.

Бұған дейін министр мұнай өндірісінің қысқаруы кен өндіру өнеркәсібін төмендеткені туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы