Елде күнбағыс майы қымбаттады

2 Тамыз 2021, 10:38
8324
Бөлісу:
Елде күнбағыс майы қымбаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір жыл ішінде Қазақстанда күнбағыс майы бірден 60%-ға қымбаттады.

Energyprom.kz сайтының мәліметі бойынша, 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында елімізде 93,3 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майы өндірілген.

Тазартылған май өндірісі бір жылда бірден 37,4%-ға өсті. Тазартылмаған күнбағыс майын шығарудың негізгі көлемі Шығыс Қазақстан облысына тиесілі 67,4 мың тонна, еліміздің жалпы өндірісінің 72,2%. Үштікте Қостанай және Ақтөбе облыстары да кірді, - деп атап өтті сарапшылар.

Тазартылған май өндірісі бойынша Шымкент көш бастап тұр 34,9 мың тонна, ел бойынша барлық көлемнің 45,4%.

Екінші және үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы тұр.

Елде күнбағыс майы қымбаттады

2021 жылғы қаңтар–мамырда жергілікті компаниялар күнбағыс майына сұранысты (ішкі нарықта өткізу плюс экспорт) 83,2% -ға (бір жыл бұрын 75,5%-ға) қамтамасыз ете алды.

Елде күнбағыс майы қымбаттады

2021 жылдың маусым айында дүкендер мен базарларда күнбағыс майы 713 теңгеден сатылды. Еліміздің ірі қалалары арасында ең қымбат майды түркістандықтар сатып алды, литріне 773 теңге төледі. Ең арзан майды Ақтөбеде сатып алуға болатын, литріне 621 теңге, - деп нақтылады зерттеушілер.

Жылдық динамикада күнбағыс майының бағасы бірден 60,4%-ға өсті.

Басқа өңірлерге қарағанда Қарағанды облысында баға екеркше өскен, жылына бірден 80%. Басқа өңірлерде де айтарлықтай өсім байқалады. Мәселен, Алматыда бағаның жылдық өсуі 75,9%-ды, Батыс Қазақстан облысында 73,9%-ды. 17 өңір арасында ең аз өсім Атырау облысында тіркелді екен 38,1%, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы