Елбасының Токиоға келген сәтінің видеосы жарияланды

22 Қазан 2019, 01:13
4083
Бөлісу:
Елбасының Токиоға келген сәтінің видеосы жарияланды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш президенті - Елбасының баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияның императоры Нарухитоның таққа отыруына арналған ресми шараға қатысу үшін Токиоға келген сәтінің видеосын жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының Жапония Үкіметінің шақыруымен осы елдің императоры Нарухитоның таққа отыруына арналған ресми шараға қатысу үшін Токиоға келгендігі туралы хабарланған болатынбыз.
"Таққа отыруына арналған ресми шара 22 қазанда Император сарайында болады. Сапар барысында Елбасы бірнеше екіжақты кездесу өткізеді", - деп жазды Қазақстанның Тұңғыш президенті - Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі өзінің парақшасында.
Өзгелердің жаңалығы