Елбасы туралы 20-дан астам норманың күші жойылады

13 Қаңтар 2023, 11:53
1008
Бөлісу:
Елбасы туралы 20-дан астам норманың күші жойылады

Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Әділет министрі Азамат Есқарев айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Бірқатар заңда Тұңғыш Президент туралы құжатта көзделген біраз өкілеттік мен мәртебе туралы нормалар бар. Әртүрлі салалық заңдарда, мысалы, әлеуметтік, білім беру сияқты салалық заңдарда бар. Біз соны анықтап қарадық. 20-дан астам заңда сондай нормалар бар. Бірақ олардың күшін жою – кешенді жұмыс. Оларды анықтап, тиянақты заң шығару тәртібімен қарастыру керек, - деді Азамат Есқараев.

Есқараев Әділет министрлігі заңнамадағы Елбасыға қатысты нормаларды түзету жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.

Ғылыми, әлеуметтік, мәдени бағыттағы және басқа да салалық заңдарда тиісті нормалар көзделген. Қазір бұл мәселені кешенді түрде қарап, талқылаймыз. Кейін тиісті ұсыныстармен шығамыз. Бірақ қолданыстағы заңда экс-президенттер жөніндегі кепілдіктер беретін заң нормалары бар, – деп жауап берді Есқараев БАҚ өкілдеріне берген жауабында. 

Сөзінше, әлеуметтік қамсыздандыру, экс-президенттің күзеті, көлік қызметін көрсету жөнінде, қызметтік саяжай мен пәтер бойынша нақты нормалар қарастырылған.

Экс-президенттің жеке басына, оның ар-ожданы мен мәртебесіне қол сұғуға болмайды және ондай қол сұғу заңмен қудаланады, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы