Ел тұрғындары қандай ақпарат көздеріне сенеді?

28 Маусым 2022, 10:14
2292
Бөлісу:
Ел тұрғындары қандай ақпарат көздеріне сенеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік телеарналар әлеуметтік желілерде ақпаратты ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. 

Мәселен, қазір «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарының YouTube арналары оқырман саны миллионнан асқан кезде берілетін «алтын батырма» марапатының иегерлері. Қазақстандықтар үшін танымал әрі сенімді ақпарат көздері қайсы деген мәселеге келер болсақ, онда Internews in Kazakhstan деректерінің статистикасын мысал ретінде айтсақ болады. Біріншіден, қазақстандықтардың басым бөлігі – 58,1%-ы теледидарға, екінші орында – интернет-сайттар тұр (34,3%). Екіншіден, бұқараның жартысынан көбі мемлекеттік медиаға сенеді (51,4 %), тек 9,6%-ы жеке адамдарға сенеді, ал ешкімге сенбейтіндердің үлесі – 39%, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Жалпы, мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында АҚДМ БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін дамыту және арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін министр елімізде түсірілген отандық сериалдарды 50-ден астам мемлекеттің сатып алғаны туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы