Ел өміріндегі ерекше күн - Дархан Қыдырәлі

21 Қараша 2022, 20:02
963
Бөлісу:
Ел өміріндегі ерекше күн - Дархан Қыдырәлі

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Facebook-тегі парақшасында жазды.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы еліміздегі президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. 

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстан халқының 81,31 пайызы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа дауыс берген. Бұл кешегі Exit Poll-дың мәліметіне сәйкес келеді. 

Осылайша Қасым-Жомарт Кемелұлы ашық та әділ өткен саяси додада айқын басымдықпен жеңіп шықты. Халықтың қолдауы Президенттің саяси курсының дұрыстығын, жасап жатқан іргелі реформаларының нәтижелі екенін көрсетті. Бүгін Мемлекет басшысын сайлаудағы айқын жеңісімен бірнеше елдің көшбасшылары арнайы құттықтады. Олардың арасында көршілес, бауырлас және стратегиялық серіктес мемлекеттердің басшылары бар, - деп жазды министр.

Саяси науқанды бақылауға келген халықаралық ұйым өкілдері де сайлаудың таза, әділ өткенін әрі заң бұзушылық болмағанын мәлімдеді. 

Мұны сайлау учаскесінде дауыс беру барысында өзіміз де көрдік. Ел әділетті Қазақстанға, жарқын болашаққа өз дауыстарын берді. Ел өміріндегі ерекше күн туралы ақпарат құралдары да жарыса жариялады. Мәселен “Қазақстан” арнасы 16 сағат бойы нон-стоп режимінде жұмыс істеп, онлайн марафон өткізді. Сол сияқты сарапшылар мен саясаткерлер “Хабар24” арнасының алаңында кездесіп, саяси науқанның салмағын арттырды. Еліміздегі өзге де ақпарат құралдары сайлау учаскесі ашылып, алғашқы қорытынды шыққанға дейін жедел әрі сенімді ақпарат таратты. Мемлекет басшысының айқын жеңісі тағы да құтты болсын! Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бастамалары жемісті болсын!, - деді Дархан Қыдырәлі.

Өзгелердің жаңалығы