Ел гимнасттары әлем кубогінің финалында бақ сынайды

24 Мамыр 2024, 20:01
299
Бөлісу:
Ел гимнасттары әлем кубогінің финалында бақ сынайды
Фото: olympic.kz

Спорттық гимнастикадан Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан Challenge Cup әлем кубогінде қазақстандық спортшылар іріктеуден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан ерлер командасының 4 спортшысы 5 финалда бақ сынайды.

Атап айтар болсақ, Дмитрий Патанин мен Асан Салимов еркін жаттығудан финалға өтті. Іріктеуде Патанин 2, Салимов 6-нәтиже көрсеткен.

Гимнастикалық ат снарядындағы іріктеуде Нариман Курбанов 1, Зейнолла Ыдырысов 2-орынға табан тіреп, ақтық сынға жолдама алды.

Сондай-ақ, шығыршықтағы жаттығуда 13.600 ұпаймен 8-орын алған Дмитрий Патанин финалдық кезеңде бақ сынайды.

Бүгін іріктеудің екінші күні өтуде.

Өзгелердің жаңалығы