Ел экономикасы үшін маңызды бірқатар шешім қабылданды – Бақыт Сұлтанов

19 Сәуір 2022, 12:10
1591
Бөлісу:
Ел экономикасы үшін маңызды бірқатар шешім қабылданды – Бақыт Сұлтанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік желіде жазды. 

Өткен аптада Мәскеу қаласында өтке Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесінің отырысында әріптестермен (бес елдің үкімет басшыларынаң орынбасарларымен) 50-ге жуық мәселені қарастырдық. Көпшілігі кедендік-тарифтік реттеудің түрлі шараларына және еуразиялық интеграцияны дамытуға қатысты. Біз бастамашылық еткен сұрақтар да бар. Мысалы, Қазақстанға қантты бажсыз әкелуге квотаны ұлғайту. Осы орайда біз үшінші елдерден Қазақстанға қант пен шикі қантты бажсыз әкелуге квотаны 350 мың тоннаға дейін арттыруды келістік. Әзірге тамыз айына дейін, егер ресейлік экспорт ашылмаса, бұл сұрақты қайта көтеріп, көлемі мен уақытын ұзартамыз. Сондай-ақ «Qazaq Air» авиакомпаниямыздың әуе флоты жабдықталған Bombardier-400 ұшақтарын нөлдік баж салығымен ел аумағына кіргізу туралы арнайы кедендік рәсімге орналастыруға жататын тауарлар тізбесіне енгіздік. Енді бұл әуе кемелері ЕАЭО аумағынан техникалық қызмет көрсету үшін шыққанда және қайтқанда кедендік баж салығын төлемейді, – деді Бақыт Сұлтанов.

Техникалық реттеу саласында Қазақстан экономикасы үшін маңызды бірқатар шешімдер қабылданды.

Біріншіден, Қазақстан Республикасының ұсынысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу және оларға өзгерістер енгізу жөніндегі Жұмыс тобы туралы үлгі ереже бекітіледі. Ол құжатты әзірлеу процесіне барлық елдің бизнес өкілдері тең дәрежеде қатысады. Яғни, қазақстандық бизнес бүкіл Одақ үшін стандарттарды әзірлеуге тең құқылы қатысады. Екіншіден. Біз ЕАЭО техрегламенттеріне өзгерістер әзірлеу мен енгізудің жаңа тәртібімен одақтың әрбір техрегламентіне өнімдерді сынауда фото және бейнетіркеудің міндеттілігі және тек аккредиттелген зертханаларды қолдану туралы түзетулерді дереу енгізуді көздейтін нормалардың қосылуына қол жеткіздік. Егер қазір түзетулер енгізуге бір жылдан астам уақыт (келісу, бекіту және т.б.) уақыт кетсе, жеделдетілген схема бойынша – 5 айға дейін уақыт кетеді. ЕАЭО үшін маңызды шешім – саудада шектеулер енгізу кезінде елдер мен ЕЭК-тің өзара іс-қимыл жасау тәртібін мақұлдау. Мүше мемлекеттер шектеу шаралары күшіне енгенге дейін 10 күн бұрын бір-бірін және ЕЭК-ті ескертіп қана қоймай, оларды қағидатта енгізудің орындылығы туралы консультациялар өткізуге де міндетті болады. Бұл трансшекаралық сауда процестерін болжауға мүмкіндік береді. Осы арқылы көрші елдің қандай да бір шектеу енгізгенін шекарада қап қойған экспорттаушылардан емес, мемлекеттік органдар алдын ала, ресми ақпаратпен хабардар болады деген үміттемін, – деп жазды Премьер-министрінің орынбасары

Сондай-ақ ол жылдың алғашқы екі айында сыртқы сауда статистикасы экспорт бойынша жақсы серпін көрсеткенін айтты.

Біздің тауарларымыздың ЕАЭО елдеріне жеткізілімі төрттен бірге, 1,2 миллиард долларға дейін өсті. Жалпы алғанда 2022 жылғы қаңтар-ақпанда экспорт бір жыл ішінде 71,4%-ға жетті, яғни 7,1 млрд доллардан 12,1 млрд долларға дейін ұлғайды. Бұл біздің негізгі шикізат тауарларына бағаның өсуіне ғана байланысты емес, сондай-ақ шикізаттық емес экспортты жеткізу көлемінің ұлғаюы есебінен де. Өткен жылдың алғашқы екі айында біздің бизнес сыртқы нарыққа өңделген тауарларды құны 2,4 млрд долларға жеткізсе, бұл жылы 3,5 млрд долларды құрады. Жыл басындағы сыртқы сауда көлемінің өсуі өткен жылы экспорттаушыларға көрсетілген қолдау шараларының да нәтижесі екеніне сенімдімін. Біз 2022 жылы өткізген сауда-экономикалық миссиялар түрлі елдердің іскер топтарының бизнес-байланыстарын жолға қоюдың құралына айналды. Экспорттық акселерация мен е-коммерцияны күшейтуден және кәсіпорындарды маркетплейстерге шығарудан да жақсы нәтиже алып келеміз. Мемлекет басшымыз қазақстандық шикізаттық емес экспорт (яғни тауарлар мен қызметтер экспортын) көлемін 2025 жылға қарай 41 млрд долларға дейін жеткізу қажеттігін айтқан. Осы орайда біз өндірушілерді сыртқы нарыққа шығаруда қолдауды жалғастыра бермекпіз! – деді Сауда және интеграция министрі.

Өзгелердің жаңалығы