Ел чемпионаты. Күтпеген нәтиже – «Алтын салыммен» келген жеңіс

2 Сәуір 2021, 11:19
2260
Бөлісу:
Ел чемпионаты. Күтпеген нәтиже – «Алтын салыммен» келген жеңіс
PHOTO
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысы мен Қостанай облысы құрамалары арасындағы ойын ерекше тартыспен өтті.

Әуелі ерекше тартысты ойын көрсеткен командалардың құрамымен таныстырып өтейік:

Ел чемпионаты. Күтпеген нәтиже – «Алтын салыммен» келген жеңіс

Қостанай облысының құрамасы

Асанов Бақдәулет

Жүнекеев Рүстем

Дайыров Қобыланды

Қасқырбай Дархан

Жүрсін Абылайхан

Оралхан Қоныс

Сұлтан Оралхан

Дайыров Қамбаржан

Мустафин Ермек

Данияров Нұрша

Жұмабаев Қуаныш

Байтасов Рыскелді

Ел чемпионаты. Күтпеген нәтиже – «Алтын салыммен» келген жеңіс

Қарағанды облысының құрамасы

Көрпебаев Дархан

Сейітжапар Әбдуәлі

Байгазиев Елдос

Меден Медерали

Есмахаев Дидар

Карибаев Алмаз

Исақ Марғұлан

Шалғынбаев Рамазан

Құлымбет Шадияр

Оспанов Ерлан

Одесхан Еламан

Есенгельді Жеңіс

Сонымен әп деп ойын бастала сала есеп ашқан Қостанай командасы ойынның алғашқы айналымында айтарлықтай мықты ойын көрсете алмады. Тіпті ойын тағдыры шешілді дегендер де болды. Себебі 6:1 есебімен аяқталған болатын алғашқы тайм.

Ел чемпионаты. Күтпеген нәтиже – «Алтын салыммен» келген жеңіс

Бірақ Қостанай құрамасының екінші тынысы екінші айналымда ашылған екен. Ойынның соңғы минутында 6-салымды салып үлгерді. Ойын 6:6 есебімен тең аяқталды. 

Мұндай тартысты ойынды бұған дейін ешкім көрмеген еді. Ойын алаңындағы көкпар сүйер қауым арасында тартысты сәт басталды. Осы кезде бас төреші Қуан Құрамаев ойын ережесіне сай «Алтын салым» уақыты – қосымша 10 минут берді. Талап бойынша кім бірінші салым салса, сол команда жеңіске жетеді.

Бұл мүмкіндікті Қарағанды облысы құрамасы тиімді пайдаланды. Соның нәтижесінде чемпионаттағы үшінші жеңісіне қол жеткізді. Есеп – 7:6, Қарағанды құрамасының пайдасында.

Ел чемпионаты. Күтпеген нәтиже – «Алтын салыммен» келген жеңіс

Ал тартысты ойынның салымгерлері кім дер екенін келер болсақ:

Ойын есебін ашқан Қостанай облысы құрамасының шабандозы Дайыров Қобыланды – 3 салым, Жүнекеев Рүстем – 1 салым және Сұлтан Оралхан екі салым салды.

Ал «Алтын салым» арқылы жеңіске қол жеткізген Қарағанды құрамасының шабандозы Байғазиев Елдос – 4 салым салса, Кәрібаев Алмаз, Шалғынбаев Рамазан, Оспанов Ерлан бір-бір салымға қол жеткізді.

Ел чемпионаты. Күтпеген нәтиже – «Алтын салыммен» келген жеңіс

Өзгелердің жаңалығы