Ел бойынша дауыс беру тоқтатылды

20 Қараша 2022, 22:18
1601
Бөлісу:
Ел бойынша дауыс беру тоқтатылды

Еліміздің барлық өңірінде дауыс беру тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының 22.00-дегі брифингі барысында орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров осылай мәлімдеді.

Таңғы 8.00-де басталған дауыс беру науқаны Астана уақытымен 22.00-де аяқталды. Тек шетелдегі 44 сайлау учаскесі бойынша жұмыс жүргізілуде. Дауыс беру барысында ешқандай заң бұзушылық фактілер тіркелмеген. 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Абай облысы бойынша – 80,18%,

Ақмола облысы бойынша – 78,87 %, 

Ақтөбе облысы бойынша – 72,20 %, 

Алматы облысы бойынша – 72,10 %, 

Атырау облысы бойынша – 70,87 %,

Батыс Қазақстан облысы бойынша –68,67%,

Жамбыл облысы бойынша – 79,57 %, 

Жетісу облысы бойынша – 81,42 %, 

Қарағанды облысы бойынша – 78,39%, 

Қостанай облысы бойынша – 79,28%, 

Қызылорда облысы бойынша – 81,07 %,

Маңғыстау облысы бойынша – 66,99 %,

Павлодар облысы бойынша – 77,58%,

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 79,01%,

Түркістан облысы бойынша – 80,37 %,

Ұлытау облысы бойынша – 75,48%, 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,49 %, 

Астана қаласы бойынша – 48,60 %,

Алматы қаласы бойынша – 28,72 %,

Шымкент қаласы бойынша – 59,79 %-ды  көрсетті, – деді Константин Петров.

Сонымен қатар, соңғы нәтиже бойынша  8 млн 299 мың 501 адам сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беру нәтижесі туралы ОСК ертең хабарлайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы