Ел аумағында паспортты цифрлық форматта қолдануға болады

9 Қараша 2022, 16:47
1253
Бөлісу:
Ел аумағында паспортты цифрлық форматта қолдануға болады

Цифрлық құжаттар» - eGov Mobile қосымшасындағы танымал сервистердің бірі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ.

Бүгінгі таңда қажетті құжатыңыздың түпнұсқасы болмаған кезде смартфон арқылы сандық құжатты пайдалану өте ыңғайлы.Цифрлық куәлікті қолдану тиімділігін көрсеткен соң, біз паспортты да цифрлық форматқа аударуды шештік. Енді цифрлық паспорт eGov Mobile мобильді қосымшасында қол жетімді. Әзірге цифрлық паспортты жеке басын сәйкестендіру үшін Қазақстан аумағында ғана пайдалануға болады. Мұндай қажеттілік, мысалы, куәліктің жоғалуы немесе оның жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда туындауы мүмкін, - деді Бағдат Мусин.

Естеріңізге сала кетейін, бүгінгі күні паспорттан басқа ең көп сұранысқа ие 18 құжат цифрлық форматқа көшірілді – бұл жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ПТР-тесттер, туу және неке туралы куәлік және т. б.

Өзгелердің жаңалығы