Ел астанасында семсерлесуден республикалық турнир өтеді

19 Қыркүйек 2023, 21:49
721
Бөлісу:
Ел астанасында семсерлесуден республикалық турнир өтеді
Фото: «Астана» семсерлесу федерациясы баспасөз қызметі

Елордада «Астана қылышы» семсерлесуден республикалық ашық турнирі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ семсерлесу федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде «Астана қылышы» семсерлесуден республикалық ашық турнирін өткізу туралы «Астана» Семсерлесу Федерациясының Президенті Ержан Нүсипбеков пен Айдын Тоқбаев Астана қаласы әкімдігінің №9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің басшысы өткізді.

Астана қаласындағы «Аспан» спорт кешенінде «Астана қылышы» республикалық ашық турнирі 23-28 қыркүйек аралығында өтеді. Шараға Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарынан спортшылар келеді деп күтілуде.

«Астана қылышының» басты мақсаты - семсерлесуді кеңінен насихаттау, оған жаңа спортшыларды тарту және дарынды жас семсерлесушілерді қолдау. Бұл турнир жас спортшылардың тәжірибе жинақтап, ширауына жол ашады.

Астана қаласы әкімдігінің және қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтетін жарысқа медальдар, кубоктар мен марапаттар осы іс-шараның бірегейлігін көрсету үшін арнайы брендпен әзірленіп, дайындалып жатыр. Жарыс бағдарламасына шпага (сапы) түрінен ұлдар мен қыздар жарысы, рапира (найза) түрінен ұлдар мен қыздар жарысы, сабля (қылыш) түрінен ұлдар мен қыздар жарысы кіреді. Жарыс екі түрлі жас категориясы арасында өтеді. Бірінші 2007-2012 жылы туған жасөспірімдер мен қыздар арасында. Екіншісі 2010 жылғы және одан жас жасөспірімдер мен қыздар бәсекесі, - делінген федерация таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы