ЕҚЫҰ өкілі журналистердің құқықтарына байланысты пікір білдірді

28 Қыркүйек 2021, 14:08
3214
Бөлісу:
ЕҚЫҰ өкілі журналистердің құқықтарына байланысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Жаңа, ковидтан кейінгі әлемдегі қоғамдық БАҚ» тақырыбында өткен панельдік талқылауда айтылды.

Шара барысында ЕҚЫҰ БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Тереза Рибейро қазіргі таңдағы қоғамдағы БАҚ өкілдерінің негізгі мәселелерін айтты.

Пандемия екі жыл жалғасуда. Бұл кезең аралығында пайда болған жаһандық мәселелер көп. Сондай проблемалардың бірі – вакцинация. Қазіргі таңда өркениетті елдер мешеу мемлекеттерге вакцина жеткізу ісіне кіріскен. Сонымен қатар бұл үдеріспен қатар антиваксерлердің әрекетін көріп отырмыз. Бұл тарапта БАҚ орны Covid-19 күресте күш біріктіру үшін аса қажет, - дейді Тереза Рибейро.

Оның мәлімдеуінше, пандемия басталғанан бері әлеуметтік желілерді пайдаланатын адамдардың саны 13 пайызға өскен. Бұл әлемнің 2,4 млрд халқы.

COVID-19 көптеген адамдарды оқшаулады. Соның әсерінен әлеуметтік желілерге әуестіктері артты. Індетке байланысты жалған ақпараттар саны көбейді. Бұл жолда журналистер түрлі бағыттар бойынша күресуі тиіс, - дейді ол.

Сонымен қатар ол журналистердің құқығына байланысты сөз қозғады.

Биыл тілшілердің қызметтеріне байланысты әлемде 400 астам журналисті өлтіру деректері тіркелді. Бұл тіркелген қылмыстардың бәрі түпкілікті зерттелмеді. Біз тілшілердің қоғамдық ойдың өзгеруіне атсалысып отырғанын білеміз. Оларға онлайн қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, шығармашылық еркіндік беруге тиіспіз. Сонымен қатар бұл саладан кеткен жандардың да құқығы қорғалуы керек ,- деді ЕҚЫҰ өкілі.



Өзгелердің жаңалығы