Эквадордағы қақтығыс. Зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар бар ма

10 Қаңтар 2024, 14:12
910
Бөлісу:
Эквадордағы қақтығыс. Зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар бар ма
Фото: Rafael Rodriguez/Anadolu via Getty Images

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Эквадорда тәртіпсіздік пен адамдарды кепілге алу салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Эквадорда зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

7 қаңтарда 34 жылға сотталған Фито деген атпен белгілі Лос-Чонерос қылмыстық тобының жетекшісі түрмеден қашып кеткеннен кейін Эквадорда жағдай күрт нашарлады. Соның салдарынан бірнеше түрмеде тәртіпсіздік болған. Ел билігі төтенше жағдай жариялап, коменданттық сағат орнатты.

Өзгелердің жаңалығы