Эквадорда жер сілкінісінен 13 адам көз жұмды

Эквадорда жер сілкінісінен 13 адам көз жұмды
435

Эквадорда 6,7 магнитудасымен жер сілкінді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Зілзала эпицентрі Балао қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 6 шақырым қашықтықта орналасты. Ошағы 65,7 шақырым тереңдікте болды.

Айта кетейік, кеше кешке Ауғанстанда қуатты жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі 5 мемлекетте сезілді, соның ішінде Қазақстанның 5 өңірінде тіркелді. Салдарынан Ауғанстанда 2 адам, Пәкістанда кем дегенде 9 адам қаза болды.

UzNews.uz агенттігінің мәліметінше, Өзбекстанда жер сілкінісі қатты сезілді, 4-6 балл аралығында.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: aa.com.tr
Өзгелердің жаңалығы