ЭКҰ-ның жаңа бағдарламасы бойынша 3200 бала дүниеге келді

19 Мамыр 2023, 14:43
1148
Бөлісу:
ЭКҰ-ның жаңа бағдарламасы бойынша 3200 бала дүниеге келді
Фото: ОКҚ

Еліміздегі зертханалық талдаулар мен диагностиканың қолжетімділігі 7 есеге артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізер алдында халықтың әлеуметтік осал 8 санаты ғана бағасы қымбат тұратын КТ және МРТ қызметін алатын, ал 2019 жылы 200 мыңнан астам осындай қызмет жүргізілді. Ал өткен жылы сақтандырылған 1,5 млн-ға жуық азамат осындай қызметті алды, яғни 7 есеге көп. Позитрондық-эмиссиялық томография қызметінің саны да, сәйкесінше, 13 мыңнан 21 мыңға дейін шамамен екі есеге өсті, - деп атап өтті ведомство басшысының орынбасары.

Сонымен қатар ол алғаш рет ересек пациенттерге жүрек-қантамырлар, неврологиялық, онкологиялық аурулар мен жарақаттар кезінде медициналық оңалту қызметтері қолжетімді болғанына тоқталды.

Стационарларда барлығы 253 мың ересек пен балаға медициналық оңалту қызметі көрсетілді. Жыл сайын буындарды ауыстырудың қосымша 4 мың операциясы қаржыландырылады. Әрбір жағдайдың құны 1,5 млн теңгені құрайды, яғни қазіргі кезде шетелге шығудың қажеті жоқ. Жаңа бағдарламаның арқасында бедеулік диагнозы қойылған 7000 отбасы ата-анаға болу мүмкіндігі берілді және қазірдің өзінде осы бағдарламаның нәтижесінде 3200 бала дүниеге келді, - деді вице-министр.

Белгілі болғандай, экстракорпоралдық ұрықтандырудың бір циклі 1,2 млн теңгені құрайды. Ол медициналық сақтандыру қаражатынан, жарналар мен аударымдардан төленеді.

Өзгелердің жаңалығы