«Экспорттық акселерация» бағдарламасының екінші жиынтығы басталды – Сұлтанов

1 Шілде 2021, 18:15
2332
Бөлісу:
«Экспорттық акселерация» бағдарламасының екінші жиынтығы басталды – Сұлтанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Экспорттық акселерация» бағдарламасы экспортқа өз жолын енді бастаған немесе белгілі бір нарық немесе нақты сатып алушы үшін жұмыс істей отырып, өнім көлемін арттырғысы келетін шағын және орта бизнес үшін қызықты және өте пайдалы, деп жазды Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында.

«Экспорттық акселерация»  бағдарламасы шеңберінде QazTrade мамандары халықаралық әріптестермен бірлесіп біздің кәсіпорындарды экспорттық және өндірістік процестің барлық кезеңдерінде оқу-әдістемелік құралдары арқылы және олардың экспорттық тәртібін қалыптастыратын болады. Өйткені, өнімді шығару жеткіліксіз, оны дұрыс сату керек. Бұл үшін- орау, тиімді ілгерілету стратегиясын ойлап табу, мақсатты нарықтарда сауда серіктестерін табу, логистиканы құру қажет. Жалпы алғанда, бәсекенің жоғары деңгейіндегі заманауи нарықта ұсақ-түйек заттар болмайды, - деп жазды министр.
Өткен жылы бағдарламаға азық-түлік саласының 35 компаниясы қатысып, оларды оқыту Қытай нарығына бағытталды.
Биыл біз географиямызды кеңейттік. Басымдық нарықтары: Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан.
Салаларға келетін болсақ, біз осы жылы бағдарламаға қатысуға тамақ өнімдерін, химия, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау өндірушілерін шақырамыз. Өтінімдерді қабылдау 1 шілдеден басталады, іріктеу қорытындысы бойынша 100 компания іріктеледі.

Біздің мақсатымыз – экспортқа бағдарланған кәсіпкерлерімізге барынша қолдау көрсету. Сауда министрлігі жыл сайын «Экспорттық акселерацияға» қатысушылар санын көбейтіп, салалар мен сыртқы нарықтарды қамтуды кеңейтуді жоспарлап отыр. 2025 жылға дейін Қазақстанда ұзақ мерзімді келісімшарттары бар өңделген өнімнің кемінде мың тұрақты экспорттаушысы болуға тиіс. Мемлекет басшысы біздің алдымызға осындай міндет қойды, - деді Сұлтанов.


Өзгелердің жаңалығы