Эксперттік клуб мүшелері Жолдауды талқылады

2 Қыркүйек 2021, 20:17
2755
Бөлісу:
Эксперттік клуб мүшелері Жолдауды талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Sarap» эксперттік клубының отырысы өтті. Жиын барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тезистері талқыланды.

«Sarap» эксперттік клубының отырысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пандемиядан кейінгі кезеңде мемлекетті одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау, білім беру жүйесінің тиімділігін арттыруға, өңірлік атқарушы биліктің басқару тетіктерін жетілдіруге, саяси жаңғыртуға, адам құқықтарын қорғауға және де т.б. жолдауда көтерілген бастамалары талқыланды.

Отырыс барысында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты Басқарма Төрағасы Асылбек Есенбаев биылғы Жолдауда мемлекеттік билік аппаратының азаматтармен өзара іс-қимылының қолжетімділігі мен түсіністігін қамтамасыз ету бойынша нақты хабарлар бар екенін атап өтті.

Бұл тек қана қарым-қатынас пен «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы туралы ғана емес, сонымен бірге «Ең алдымен Азамат» қағидасы туралы. Қарапайым азаматтар үшін қол жетімділік пен қарапайымдылық бірінші орында болуы керек. Мәселен, тұрғын үй саласындағы бағдарламалардың көптігі сонша, оларды шатастыру оңай. Осы Жолдауда «Отбасы Банкінің» алдына «бір терезе» қағидаты бойынша азаматтармен өзара іс - қимылды қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр, - деді өз сөзінде Асылбек Есенбаев.

Саяси шолушы Ғазиз Әбішев мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі елдің мұнай қорларына байланбауы тиіс деген пікір білдірді.

Экономика жайында Жолдауда неге бұлай айтылғанын түсінемін. Мемлекет сыртқы факторлардың қысымымен дағдарыста... Бірақ бүкіл әлем соңғы жиырма жыл ішінде цифрлық технологияларды, бағдарламалық қамтамасыз етуді, ұшақтарды, аспаптарды, фармацевтиканы дамыта отырып, мұнай бағасынан да қымбат дүниелерді шығаруда. Сондықтан менің ойымша мұнай барреліне 100 доллардан асып жатса да, бұл біздің елімізге ұзақ мерзімді бағалық сапада құнды қор бермейді, - деді ол.

Өз кезегінде, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Индира Рыстина Мемлекет басшысының биылғы жолдауының бір ерекшелігі, оны тек құжат ретінде ғана емес, сонымен қатар бүкіл Үкіметтің жұмысын жоспарлаудың, жобалаудың стратегиялық құралы ретінде де қарастыруға болады деген пікірін білдірді.

Сондай-ақ, Жолдауда «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының өзектілігін ашатын саяси жаңғырту бойынша бірнеше ұсыныстар болды. Соның бірі жергілікті атқарушы биліктің жұмыс сапасын зерттеу мақсатында әлеуметтік сауалнамаларды енгізу. Аталған зерттеу жұмыстарын тәуелсіз ұйымдар жүргізуі тиіс. Бұл менің ойымша халық үнін естудің енгізіліп жатқан жаңа бір тетігі, - деп атап өтті ҚСЗИ сарапшысы.

Сарапшы Ләззат Нұрқатова биылғы Жолдауда айтылған «Кәсіби біліктілік туралы» жаңа заңды қабылдаудың өзектілігін атап өтті.

Жаңа уақыт барлық мамандарға және олардың құзыреттеріне жаңа талаптар қойып жатыр. Кәсіби мәселелерді шешу үшін бүгінде адамның колледжде немесе университетте алатын білім деңгейі жеткіліксіз екені анық. Мұндай заңның қабылдануы кәсіби мамандар қауымдастығын өзін - өзі дамытуға ынталандырады және барлық жастағы тұрғындар арасында Lifelong learning қағидатын қалыптастыруға ықпал етеді, - деді Ләззат Нұрқатова.

«Sarap» клубының отырысында сөз сөйлеген Қазақ технология және бизнес университетінің деканы Алмагүл Нұрғалиева Жолдауда одан әрі экономикалық дамудың нақты перспективалары айқындалғанын атап өтті.

Экономика бір орында тұрмайды, ол әрқашан қозғалыста. Нарыққа әртүрлі болжауға қиын факторлар әсер етуі мүмкін, мысалы, пандемия. Бұл жерде экономистер тарапынан дамудың нақты сценарийлері қажет, осы мәселелерді шешудің ғылыми әдіс-тәсілін де қарастыру қажет, - деп атап өтті ол.

Өз кезегінде саясаттанушы Самат Нұртаза Жолдаудың ауыз суды үнемдеу, су ресурстарын пайдалану болашақта маңызды мәселе болатыны туралы тезисінің өзектілігін атап өтті.

Расында су мәселісі жер шарындағы болашақта күн тәртібінде бірінші болатын тақырып. Біздің еліміздің жағдайында ел ішіндегі барлық өзендер басқа мемлекеттердің территориясынан ағып келеді, бұл жөнінде трансшекаралық сулар жөніндегі келісім керек. Ауыз суды үнемдеуді бүгіннен бастау керек, - деді ол.

Жалпы, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының «Sarap» эксперттік клубының қатысушылары, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы өмірдің барлық салаларына әсер ететінін және қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту бойынша бірқатар нақты кешенді іс-қимылдар жүйесі ұсынылып отырғанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы