Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Экс-судья Сайлыбаеваның өліміне қатысты тың ақпарат шақты

Бүгiн, 11:11
217
Бөлісу:
 instagram.com/podslushano.de
Фото: instagram.com/podslushano.de

Германияда қатыгездікпен өлтірілген экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның ісі бойынша Ресейде тексеру басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ресейлік РЕН ТВ телеарнасының мәлімдеуінше, марқұмның ата-анасы қызының өліміне күйеуі мен енесінің қатысы болуы мүмкін екенін айтып, күдіктілердің Ресей аумағында жасырынғанына сенімді.

Германияда қаза тапқан қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне байланысты Ресей аумағында тексеру басталды.

Марқұмның ата-анасы қызының өліміне күйеуі Александр Донцов пен енесі Наталья Донцованың қатысы болуы мүмкін деп санайды. Олардың айтуынша, Айгүл соңғы рет 2024 жылғы 3 маусымда байланысқа шыққан, одан кейін хабарсыз кеткен.

Туыстарының сөзіне қарағанда, Айгүл жоғалған күні күйеуі полицияға жүгінбеген. Көп ұзамай енесі Германиядан Мәскеуге ұшып кеткені, ал әуежайға таксиді күйеуінің шақырғаны іс материалдарында көрсетілген.

Айгүлдің денесі кейін көлден табылған. Сараптама қорытындысында оның денесінде 30-дан аса пышақ жарақаты бары айтылған. Сондай-ақ, марқұмның жүкті болғаны белгілі болды.

Германия тарапы күдікті ретінде Наталья Донцовты Интерпол арқылы іздеуге жариялаған. Ал Айгүлдің күйеуі қызына азаматтық рәсімдеп, баланы Ресейге алып кеткен.

Марқұмның ата-анасы енді Ресей құқық қорғау органдары әділ тергеуге көмектеседі деп үміттенеді.

Еске салайық, ҚР ІІМ Германияда қаза тапқан қазақстандық судья ісі бойынша тергеу жалғасып жатқанын айтқан болатын.

Сонымен қоса Германияда мәйіті табылған судья Айгүл Сайлыбаеваның жұбайы мен енесіне Қазақстанның Ішкі істер министрлігі іздеу жариялады.

Өзгелердің жаңалығы