Экс-президент туралы заң Назарбаевтың отбасына қатысы жоқ

13 Қаңтар 2023, 13:05
1040
Бөлісу:
Экс-президент туралы заң Назарбаевтың отбасына қатысы жоқ

Әділет министрі Азамат Есқараев Экс-президентке қатысты заң нормалары оның әулетіне көзделмегенін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Заңда тиісуге болмайтыны, қамтамасыз ету туралы кепілдіктер тек экс-президентке қарастырылған. Отбасы мүшелеріне көзделмеген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өкілетті органдар қарайды, егер анықталып жатса, тиісті шешім қабылдайды, - деді министр Парламенттің бірлескен отырысынан кейін журналистерге.

Сонымен қатар БАҚ өкілдері ведомства басшысынан «егерде ел азаматы олардың үстінен арыз жазса, іс қарала ма? деп сұрады.

Заңға сәйкес арыз жазса, өкілетті органдар қарауға керек, - деп Азамат Есқараев. 

Өзгелердің жаңалығы