Экс-депутат әкім орынбасары болды

4 Қыркүйек 2023, 12:11
762
Бөлісу:
Экс-депутат әкім орынбасары болды
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Ғалымжан Алмасбекұлы Елеуов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Ол 1978 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 

2001 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясын, 2008 жылы Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2011 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген.

Еңбек жолын Ақтөбе қалалық емханада қарапайым дәрігерден бастап, бас дәрігердің орынбасары лауазымына дейін көтерілген.

2010-2021 жылдары Ақтөбе, Астана қалаларындағы жеке оңалту медициналық орталықтарының директоры қызметтерін атқарды.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 7, 8-шақырылымдарындағы депутаты болды.

Еске салсақ, 1 қыркүйекте Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ғалымжан Елеуовтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қанат Бозымбаев Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрі ауысты. Ал Ұлттық банкке жаңа төраға келді.

Өзгелердің жаңалығы