Экотуризм. Инвестор тәлімбақ ашуға дайын

12 Маусым 2024, 18:26
256
Бөлісу:
Экотуризм. Инвестор тәлімбақ ашуға дайын

Ертіс өңірінде табиғат жанашырлары мен инвесторлардың мұрындық болуымен тәлімбақ ашылмақ. Бұл нысан орман алқаптарында экологиялық туризмді дамытып, тынығушыларды тартуға сеп болмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бес жыл ішінде екі млрд ағаш отырғызуды тапсырды. Кешенді жоспар бойынша ел аймақтарында «Таза Қазақстан» акциясы басталды.

Ауқымды бастамалар шеңберінде жергілікті кәсіпкерлер палатасына қоғам белсенділері мен табиғат жанашырлары экологиялық туризмді дамытуға және бірегей табиғи ескерткіштерді насихаттау жобасын ұсынды.

Олар Железин ауданының Жолтаптық ауылының маңында ағаш отырғызу бойынша волонтерлік лагерь ашуды ұсынды.

Биыл Алматы және Павлодар облыстарының аумағында орман отырғызу жұмысын алғаш рет жүргіздік. Бұл іспен 15 жыл бойы айналысып келеміз. Қазір Қазақстан мен Ресей шекарасында орман алқаптарын қалыпқа келтіру бойынша ортақ жобаны жүзеге асырып келеміз. Жолтаптық ауылында отырғызылған ағаштарды күтумен волонтерлер айналыса алады. Сонымен қатар жас көшеттерді тасымалдауды тұрақты жүргізе алады. Қазір бір инвестор тәлімбақ ашуға көмектесуге ниет білдіріп отыр. Біз, сонымен қатар, жергілікті мектеп басшылығымен кездесіп, бұл іске оқушыларды тартуды көздеп отырмыз. Кейін сол жерде контактілі зоопарк, бау-бақша сияқты нысандар пайда болуы мүмкін. Осылайша, экотуризм объектілері ашылады, - дейді «Ресейдің жасыл қозғалысы» аймақаралық экологиялық ұйымның жетекшісі Елена Горохова.

Белсенділер Железин ауданындағы термальді су көздеріне туристерді тарту жобасын да ұсынып, кәсіпкерлер палатасынан қолдау сұрады.

Өзгелердің жаңалығы