Экология және табиғи ресурстар министрі БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілімен кездесті

6 Қазан 2023, 08:11
434
Бөлісу:
Экология және табиғи ресурстар министрі БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілімен кездесті
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі

Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьернианы қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында қоршаған ортаны қорғау, биоәртүрлілікті сақтау және климаттың өзгеруі мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың ағымдағы басымдықтары талқыланды.

Сондай-ақ ынтымақтастықтың болашақ салалары, атап айтқанда, Париж келісімінің көміртегі квоталары саудасының нарықтық тетіктері жөніндегі 6-бабын талқылау бойынша бірлескен жұмыс және мүдделі тараптардың қатысуымен 2023 жылғы 11-13 қазан аралығында қажетті консультациялар өткізу айқындалды.

Сонымен қатар, қар барысы популяциясын сақтау, тұран жолбарысын реинтродукциялау жобаларын іске асыруды және қаржыландыруды жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Өзгелердің жаңалығы