Экология министрлігінде балық шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

12 Қыркүйек 2023, 04:42
770
Бөлісу:
Экология министрлігінде балық шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды
Фото: gov.kz

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев «Qazaq balyk» Республикалық балық шаруашылығы және акваөсіру қауымдастығы өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында балық шаруашылығын дамыту, атап айтқанда, акваөсіру субъектілері үшін жер және су заңнамасын жетілдіру, субсидиялау, балық аулау мен өңдеуді дамыту қағидаларын өзектендіру мәселелері талқыланды.

Кеңеске қатысушылар саланы дамыту үшін қосымша қолайлы жағдайлар жасау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етілді және министр талқылауды ескере отырып жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы