Экология министрі: АрселорМиттал Теміртаудан шығатын ластаушы заттар көлемі азайды

11 Қаңтар 2023, 16:10
762
Бөлісу:
Экология министрі: АрселорМиттал Теміртаудан шығатын ластаушы заттар көлемі азайды

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова ведомство алқасының кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Эмиссияларды төмендету бойынша нақты жұмыстар ірі ластаушы кәсіпорындар бөлінісінде де жүргізіледі. Мысалы, АрселорМиттал Теміртаудың ластаушы заттар шығарындыларының лимиті биыл 16 пайызға, яғни 250 мың тоннадан 210 мың тоннаға дейін төмендетілді. Былтыр бұл көрсеткіш 325 мың тоннаны құраған болатын. 2025 жылға дейін лимитті 149 мың тоннаға төмендету жоспарланып отыр, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, 90-нан астам кәсіпорында аудит жүргізілген. 

Ең үздік қолжетімді техникаға көшу реформасы аясында өнеркәсіптің негізгі салалары бойынша 91 кәсіпорында кешенді технологиялық аудит аяқталды. 83 салалық есеп дайындалды. ТОП-50 ірі кәсіпорындар үшін 2 жыл ішінде 12 ең үздік қолжетімді технологиялар анықтамалығы әзірленді. Осы жылдың соңына дейін тағы 4 анықтамалық әзірлейміз. 2024 жылдан 2025 жылға дейін ең үздік қолжетімді технологиялар бойынша бекітілген анықтамалықтар негізінде кешенді экологиялық рұқсаттамалар беріледі, - деді Зүлфия Сүлейменова. 

Еске сала кетейік, бұған дейін министр елдегі ауасы ең лас 10 қаланы атаған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы