Екіқабат екен десе, есірткі тасымалдап жүріпті

11 Наурыз 2019, 15:33
4709
Бөлісу:
Екіқабат екен десе, есірткі тасымалдап жүріпті

Астана, BAQ.KZ. ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Оңтүстік» өңірлік басқармасының Қордай шекара отрядына қарасты «Кордай-авто» өткізу бөлімшесінде 2019 жылдың 07 наурызында сағат 17.15-тер шамасында есірткі тасымалдаушы күдіктіні ұстады.

Есірткі іздеуге арнайы үйретілген қызметтік ит көрші елден Қазақстанға қарай жаяу өтіп келе жатқан азаматшаны меңзеген. Ол 1980 жылы туған Қырғыз Республикасының азаматшасы (мүгедек - мылқау) екен.

Екіқабат екен десе, есірткі тасымалдап жүріпті

"Жеке тексеру барысында оның беліне тағам пленкасына оралған 4 полиэтилен пакеті табылды. Шекарашылардың қызметтік итін шатастыру үшін полиетилен пакет пен тағам пленкасының арасына қызыл бұрыш себіліпті. Пакеттерден шыққан 4 кг-нан астам қошқыл жасыл түсті, өткір иісті қатты зат, кейінірек, сараптама қорытындысы анықтағандай – «канабис шайыры» есірткі заты болып шықты" - деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі. 

Шекарашылардың жедел қимылының нәтижесінде мүгедек әйелге 20 000 қырғыз сомын төлеуге уәде ете отырып есірткіні діттеген жерге жеткізуге «тапсырма» берген адам да ұсталды. 1962 жылғы қазақстандық есірткі тасымалдаушыны алыстан бақылап жүріпті.

Ұсталғандар айғақты затымен бірге Қордай аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы