«Экибастузтеплоэнергоға» 27,6 млн теңге айыппұл салынды

29 Наурыз 2023, 16:33
695
Бөлісу:
«Экибастузтеплоэнергоға» 27,6 млн теңге айыппұл салынды

Павлодар облысының ТМРКД «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС-на 27,6 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мамандары Екібастұз қаласының прокуратурасы жүргізетін «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС-ның қызметін тексеру аясында, монополисті табиғи монополиялар саласындағы заңдылықты сақтауына тексерді.

«Экибастузтеплоэнерго» ЖШС-ның 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымында Екібастұз қаласының тұрғындарына жылу энергиясын сапасыз жеткізу түрінде бекітілген температуралық кестенің параметрлерін жүйелі түрде сақтамауын ескере отырып, ТМРКД әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 164-бабының 4-бөлігі бойынша бес әкімшілік іс жүргізуді қозғау арқылы ден қою шараларын қабылдады. Құқық бұзушылықтар жиынтығында осы баптың санкциясы 27 600 000 теңге мөлшерінде айыппұл көздейді, - делінген хабарламада.

«Экибастузтеплоэнерго» ЖШС әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 811-бабына сәйкес, қысқартылған тәртіппен 7 тәулік ішінде айыппұл сомасының 50% мөлшерінде 13 800 000 теңге айыппұл төледі.

Өзгелердің жаңалығы