Екібастұздағы жарылыс: Газ құю бекетінен ер адамның денесі табылды

26 Шілде 2023, 16:01
1024
Бөлісу:
Екібастұздағы жарылыс: Газ құю бекетінен ер адамның денесі табылды
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Екібастұздағы газ құю бекетіндегі жарылыс салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысы ТЖД ақпараты бойынша 26 шілде сағат 13:24-те шыққан өрт сөндірілді. Алайда бекет маңынан жас ер адамның денесі табылды.

Екібастұз қаласы Қонаев 5 көшесінде орналасқан АГҚБ газ құйылған 4 резервуар жанды. Сондай-ақ оқиға орнында шамамен 40 газ баллон болған. Өрт жақын маңдағы "Феруза"азық-түлік дүкеніне өтіп, шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр, сондай-ақ 20 шаршы метр аумақтағы су мұнарасының шатырын шарпыды. Сағат 15:22-де цистернаның жанынан жас ер адамның денесі табылды, - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, өрт 15:00-де оқшауланып, 15:44-те сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Жеке сектор жолдың арғы жағында 100 метрден астам қашықтықта орналасқан. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы