Екібастұздағы автогаз құю бекетінде жарылыс болды

26 Шілде 2023, 15:15
791
Бөлісу:
Екібастұздағы автогаз құю бекетінде жарылыс болды
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

Екібастұзда жанармай құю бекеті жарылды. Қазір өрт ауыздықталды. Сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ТЖД-нің мәліметінше, жарылыс маңындағы үйлер жолдың арғы бетінде 100 м қашықтықта орналасқан. Оқиға орнында 20 қызметкер мен 7 техника жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бүгін сағат 13:24-те Екібастұз қаласында Қонаев, 5 автогаз құю стансасы 4 цистерна жанып, өрт жақын маңдағы «Феруза» азық-түлік дүкеніне таралып жатыр. Өрттің таралу қаупі бар, - деп хабарлады облыстың Төтенше жағдайлар департаменті. 

Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша өрт ауыздықталды. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы