Екібастұздағы жағдай. Прокуратура жауапты тұлғаларды анықтап жатыр

21 Желтоқсан 2022, 12:08
1268
Бөлісу:
Екібастұздағы жағдай. Прокуратура жауапты тұлғаларды анықтап жатыр
Фото: BAQ.KZ

Мәжілістің кулуарында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Екібастұздағы жағдай бойынша Бас прокуратура қылмыстық іс қозғағанын және жауапты тұлғаларды анықтап жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Екібастұз бойынша Павлодар облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары қылмыстық іс қозғады және тергеу жүргізіп жатыр. Біз жауапты тұлғаларды анықтап жатырмыз. Бірқатар сараптама тағайындалды, соның ішінде қатысушы тұлғаларды нақты анықтау бойынша. Өйткені онда (Екібастұзда – ред.) тиісті техникалық ақаулар болды. Сол себепті біз нақты техникалық қорытынды алу керекпіз. Қазір біз сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз, - деді Жандос Өмірәлиев Мәжілісте журналистерге берген сұқбатында.

Бас прокуратура бұл іс бойынша міндетті түрде ақпарат берілетінін айтты.

Еске сала кетсек, Екібастұз қаласының жылу желілерінде ақау анықталып, 130-дан астам көпқабатты үй жылусыз қалған болатын.

Өзгелердің жаңалығы