Екібастұздағы тұрғын үйлер жылу қабылдауға дайын

1 Тамыз 2023, 18:21
626
Бөлісу:
Екібастұздағы тұрғын үйлер жылу қабылдауға дайын
Фото: BAQ.KZ -архив

Облыс әкімі кеншілер шаһарына барып, жедел штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Асайын Байханов Екібастұзға барған жұмыс сапарымен өзінің жеке инстаграм парақшасында бөлісті. Ол жедел штаб өткізіп, ЖЭО жөндеу науқанын және тұрғын үйлердің алдағы жылу беру маусымына дайындау мәселелерін талқылаған болатын.

Екібастұз қаласы әкімінің мәліметінше, 690 үйден 624 үй жылу қабылдауға дайын. Олардың жылу тораптары мен ішкі жүйелері тазартылды. 204 үйде дроссель құрылғыларын орнату-баптау және шайбалау жүргізілді.

Жылу беру маусымының сәтті өтуі - біздің бірлескен қамқорлығымыз бен жауапкершілігіміз. Тұрғындардың өз үйлерін қысқа дайындаудың маңыздылығын түсінетіні қуантады , – деді облыс әкімі.

Тамыз айының соңына дейін жылу магистральдарын қайта жаңартуды аяқтау жоспарлануда.

Айта кетейік, 24-26 шілде аралығында қалада гидравликалық сынақтар өтті. Желілердің ең осал учаскелерінде 109 ақау анықталды. Бүгінгі таңда 24 ақау жойылды, құбырларды қалпына келтіру және ауыстыру жалғасуда.Тамыз айының соңына дейін 4 жылу магистралін қайта жаңартуды аяқтау жоспарлануда. Мақсатты қаражаттар есебінен жылумен, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін жөндеу 131 тұрғын үйде жүргізілді.

Сондай-ақ, Екібастұз ЖЭО-да қазандықтар мен жабдықтарды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жұмыстарға 270-тен астам адам жұмылдырылған. Бекітілген кестеден артта қалушылық жоқ және қажетті жабдықтар уақытында жеткізілуде. Жұмыстар №11, №12, №13, №14, № 15 қазандық агрегаттарында жүргізілуде. Оларда бөлшектеу жұмыстары, газ құбырларын, ауа өткізгіштерді, экрандық құбырларды ауыстыру, қазандықтардың қаптамаларын ауыстыру және т. б. жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы