Екібастұзда жұмысқа шыққан ер адам жоғалып кетті

5 Желтоқсан 2023, 06:29
419
Бөлісу:
Екібастұзда жұмысқа шыққан ер адам жоғалып кетті

Екібастұзда жұмысқа шыққан ер адам жоғалып кетті, Балтажан Борашайұлы бірнеше жылдан бері тұрақты жұмыста істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Vita іздеушілер ұйымының мәліметінше, жоғалған ер адамның қызы жылап, еріктілерге әкесінің жоғалып кеткені туралы хабарлаған, деп жазды pavlodarnews.kz.

Ер адам 2 желтоқсанда таңғы сағат 5.30-да жұмыс алдында серуендегісі келетінін айтып, үйден шығып кеткен. Дегенмен, жұмыста болмаған, үйден ұялы телефоны мен басқа да құнды заттары табылды, - дейді еріктілер.

Балтажан Борашайұлы ішімдік ішпейді, темекі шекпейді, бір жылдан астам тұрақты жұмыста істейді.

@Poiskoviki_ekibas_vita еріктілері жоғалған адамды іздеуге шыққан, бірақ іздеу сәтсіз аяқталған. Таңертеңнен бастап іздестіру жалғасып жатыр. Сонымен қатар Павлодар қаласының еріктілері де іздестіруге кеншілер қаласына шыққан.

 

Өзгелердің жаңалығы