Екібастұз жылу орталығына айыппұл салынды

25 Сәуір 2023, 18:07
722
Бөлісу:
Екібастұз жылу орталығына айыппұл салынды
Фото: автордан

Ертіс өңірінің экология департаменті тексеріс барысында Екібастұз жылу энерго орталығын әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Экология департаменті басшысының орынбасары Мағзұм Кукумбаевтың хабарлауынша, «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-не қатысты да тексерулер жүргізілген.

Биыл жоспардан тыс екі тексеру жүргізілді. Кәсіпорынға жалпы сомасы 2,3 млн теңгенің әкімшілік айыппұлы салынды. Сонымен қатар, тұрғындардың шағымдары бойынша тағы бір тексеру шарасы аяқталды. Екібастұздықтар соңғы уақытта қара түтін, шаң-тозаңға қатысты көп шағымданды. Тексеріс барысында департаменттің сынақ зертханасы орталықтың қазандық турбиналы цехынан шығатын қоршаған ортаға тасталатын ластағыш заттардың сапасын зерттеді. Зерттеу нәтижесінде зиянды заттардың көлемі нормадан асқаны анықталды. Бұл заңбұзушылық үшін кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - дейді Мағзұм Кукумбаев.

Осылайша, жобалық шешімдердің бұзылуына жол берілді. Тексеріс нәтижелері бойынша кәсіпорын төрт бап бойынша жауапкершілікке тартылды. Нақтырақ айтқанда, 3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, жылу электр станциялары қазандық агрегаттарын технологиялық талаптарға сәйкестендірмегенше, тоқтату бойынша сотқа талап арыз жіберілді.

Сала мамандарының айтуынша, жыл басынан бері облыс тұрғындары мен заңды тұлғалардан 84 шағым түскен. Осылайша, экология департаментінің инспекциялық қызметі жоспардан тыс 10 тексеріс жүргізген. Нәтижесінде жалпы сомасы 6 млн теңгеден асатын 14 әкімшілік айыппұл салынды.

Өзгелердің жаңалығы