Екібастұз жылу электр стансасына айыппұл салынды

3 Наурыз 2023, 17:10
797
Бөлісу:
Екібастұз жылу электр стансасына  айыппұл салынды
Фото: inbusiness.kz

Екібастұз жылу электр стансасына "өлшем бірлік ережелерін" сақтамағаны үшін 3 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ  тілшісі Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​2023 жылдың қаңтар айында Павлодар облысы бойынша Сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті Екібастұз қаласының прокуратурасымен бірлесе отырып,  Екібастұз ЖЭС қызметінің метрология саласындағы заңнамалық актілермен белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеріс жүргізген болатын. 

Тексеріс барысында электр өлшеу құралдарының,  нақтырақ айтқанда техникалық монометрлер, қысымды түрлендіргіштер, вольтметр, мегаомметр сияқты өлшеу құралдарының аралық интервалды бұзғандығы және тексеру мерзімі өтіп кеткендігі анықталды. Ал тексерілмеген өлшем құралдарын пайдалану «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңның 19-бабының 1-тармағын бұзу болып табылады,- деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Аталған бұзушылық бойынша әкімшілік жауапкершілік – 1 600 АЕК – 5 520 000 теңге айыппұл қарастырылған.

Екібастұз қаласы прокуратурасының заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынысы негізінде басқарма қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады. Екібастұз ЖЭС-нан  бұзушылық фактісінің анықталуына  байланысты, ҚР ӘҚБтК-нің 811-бабына сәйкес, қысқартылған іс жүргізу тәртібіндегі айыппұл мөлшері -2 760 000 теңге, оны жеті күн ішінде төлеу туралы ұйғарым шығарылды. Қазіргі уақытта әкімшілік айыппұл толығымен төленді,- делінген хабарламада.  

Сондай-ақ министрлікке Екібастұз ЖЭО-ға қатысты заң бұзушылықтарға туғызатын себептер мен орын алған жағдайларды жою жөнінде жеке ұсыныстар  айтылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы