Екібастұз жылу электр орталығының қазандықтары жөнделіп жатыр - министр

27 Маусым 2023, 10:44
605
Бөлісу:
Екібастұз жылу электр орталығының қазандықтары жөнделіп жатыр - министр
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жылыту маусымына дайындық туралы айтты, хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр қауіпті аймаққа енгізілген энергетикалық кәсіпорындарды анықтағананын айтады.

Меншік иелері жөндеу жұмысын қаржыландырмауына байланысты әкімдік, «Өскемен жылу желілері» және «Риддер жылу электр орталығы» акционерлік қоғамының арасында станцияда жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі уақытта мердігер ұйымдар барлық 6 қазандықты жөндеуді бастады. Сонымен қатар қажетті материалдар сатып алынады, құбыр өнімдері жылу электр орталығына әкелініп жатыр, - деді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында.

Сәтқалиев Қаржы министрлігімен бірлесіп Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың резервін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізіліп жатқанын атап өтті.

Екібастұз жылу электр орталығының сенімді жұмысын қамтамасыз ету аясында алдағы жылыту маусымында 10 қазандықты жөндеу көзделген. Қазіргі уақытта 7 қазандықта жұмыс жүріп жатыр. Коммуналдық меншікке қабылданған 5 су жылыту қазандығын жөндеуге Үкімет резервінен 7,4 млрд теңге бөлінді. Қалған 5 бу қазандығы, сондай-ақ қосалқы жабдықтар, ғимараттар мен құрылыстар «Орта Азия электр энергетикалық корпорация» акционерлік қоғамының есебінен жөнделеді, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы