Екібастұз тұрғындары жылусыз қалды

27 Қараша 2022, 11:47
1364
Бөлісу:
Екібастұз тұрғындары жылусыз қалды

Бүгін түнде, сағат 01:20 шамасында, Екібастұз ЖЭО-сындағы №11 қазандық қондырғысы істен шықты. Сағат 01:30-да №13, 14 және 15 қазандық агрегаттары да өз жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ Екібастұз ЖЭО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала тұрғындарының айтуынша, бүкіл қала жылудан ажыратылған.

ЭЖО ақпараты бойынша, №8 және №14 қазандық қондырғыларын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында арнайы бригадалар жұмыс істеуде. Кәсіпорын жақын арада жылу беруді қалыпқа келтірілетінін атап өтті.

Қала тұрғындарынан желідегі суды ағызып тастамау сұралады (қатып қалады деп қауіптеніп). Оған тек құбырлар толығымен мұздап, үй жалпы жылумен жабдықтау жүйесінен ажыратылған жағдайда ғана жүгіну қажет.

Сонымен қатар, тұрғындардан жылу құбыры желісіндегі ақаулар байқалып жатса, WhatsApp диспетчерлік қызметіне мына нөмір бойынша хабар жіберу сұралады: +7 701 705 49 57. Мәтіндік хабарламада бүлінген жерді атап көрсету керек.

Өзгелердің жаңалығы