Екі UFC турнирі Лас-Вегастағы шағын залда өтеді

13 Наурыз 2020, 16:18
1338
Бөлісу:
Екі UFC турнирі Лас-Вегастағы шағын залда өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. UFC президенті Дана Уайт видеомәлімдеме жасап, әртүрлі штатта өтуі тиіс екі турнирдің Лас-Вегастағы (Невада) APEX деген шағын залда өтетінін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Бұған тұтас дүниені дүрбелеңге салған коронавирус себеп болып отыр. 

Айта кетейік, қазіргі таңда бүкіл әлемде коронавирустық пандемияға байланысты жаппай спорттық және ойын-сауық шараларына тыйым салынып жатыр.

Ұйым басшысы өз сөзінде жалпы жанкүйерлердің және файтерлердің бас амандығы үшін екі бірдей жекпе-жек кешін шағын залда өткізуге мәжбүр болғанын мәлімдеді. Бұл қадамға коронавирус таралуының алдын алу үшін барып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, жанкүйерлер турнирді залдан тамашалай алмаса да тікелей эфир арқылы көруге толық мүмкіндігі бар екенін айтты

Өзгелердің жаңалығы