Екі қалада ауа сапасы нашарлайды – Қазгидромет

6 Шілде 2023, 08:55
660
Бөлісу:
Екі қалада ауа сапасы нашарлайды – Қазгидромет
Фото: baq.kz

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

6 шілдеде Ақтөбе мен Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы